Осы күні мектеп қабырғасынан 55 түлек шықты, олардың барлығы мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырып, «жақсы» және «үздік» деген бағаларымен ұстаздары және ата - аналарын қуантты . Түлектердің ішінде үш оқушы «Алтын белгі» және төрт оқушы үздік аттестатқа қол жеткізді. «Алтын белгі» иегерлері, мектебіміздің мақтаныштары:. 11 «В» сынып оқушылары Ғаббасова Иннабат, Кабдрашев Алмат, Шамгунова Джамиля. Мектеп-лицей директоры Г.А.Жусупова түлектерге салтанатты түрде аттестат тапсырды. Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және түлектердің ата – аналары қатысып, қонақтар қатарынан орын алады. Биылғы жылдың басты жаңалығы және ерекшелігі – жаңа форматты Ұлттық бірыңғай тестілеуде тапсыру. Түлектерге ақ жол тілейміз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны