«Білім мазмұнын жаңарту: мүмкіндіктері мен мәселелері»
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде Астана қаласы Білім Басқармасының жоспарына сәйкес «Білім мазмұнын жаңарту: мүмкіндіктері мен мәселелері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасаудың тағы да бір жылы аяқталып қалды. Бұл кезеңнің қиындықтары 1-ші сынып мұғалімдеріне түсті. Басқа сыныптар жұмыс жасағанға дейінгі мәселелерді анықтау жұмысы жүргізілді. Семинардың мақсаты білім мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасау мәселелерін анықтау және оларды шешудің тиімді жолдарын анықтау болды. Сондықтанда, семинар барысында сабақтар жүргізгеннен гөрі «Педагогикалық ізденіс» іскерлік ойының өткізгенді ұйғардық. Бұл жұмысты мектептің даму тобының 1-ші және 2-ші деңгей мұғалімдері Тукенова Ж.К., Рябченко Н.Г., Карбаева Б.А. жоғары деңгейде өткізді. Мұғалімдер видеосұрақтарда берілген жағдайларды топқа бөліну арқылы талдап, аталған мәселелерді шешуге өз ұсыныстарын білдірді. Семинарға қалалық 27 мектептің 49 мұғалімі қатысты. Бұл семинар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға тәжірибе алмасуда көп септігін тигізді. Мұғалімнің оқушылармен жұмыс жасау мүмкіндіктерін мектеп психологы Нурмаханова С.Б. өз оқу тренингінде көрсете білді. Семинардың қорытындысын шығару бойынша қатысушылардың ұсыныстары көрсетілген «Педагогикалық идеялар тақтасы» ұсынылды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии