03.04.17 жылы І және ІІ ауысымда он күндіктің ашылуы болды, жауаптылар: 2 «А» сынып жетекшісі Ш.Н. Кончекова және 3 «А» сынып жетекшісі Г.А.Бекмаганбетова.

Салтанатты жиналыс бастауыш мектеп оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі Г.О.Жумагулованың құттықтау сөзімен басталды. 2 «А», 3 «А» сынып оқушылары мектеп өмірі, оқу жайлы өлеңдер айтып, тақпақ оқыды.
Бастауыш сыныптардың он күндігінің ашылуына арналған салтанатты жиналыс сыныптан тыс іс –шараларда, ашық сабақтарда оқушылардың белсенді қатысуы үшін алдын – ала бейімдеу болды. Салтанатты жиналыс сергектік қуаты мен тамаша көңіл – күй сыйлады.




1 «Г» сынып жетекшісі Э.Т.Рахметова сауат ашу пәні бойынша «Дыбыс сипаттамасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жұмылдыру кезеңінен, сөйлеу жаттығуынан басталды. Мұғалім сабақ басында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудыра білді. Білім алу барысында ішкі нұсқаулықты және өздігінен білім алуды құрды. Жартылай іздену әдісі бойынша өткен тақырып қайталанды. Оның негізін сөйлеу әрекеті (дыбыс, әріп туралы түсініктерді қабылдауы, әріптер құрылымы ) құрды.


4 «А» сынып жетекшісі А.К.Беседина орыс тілі пәні бойынша «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ақпараттық – педагогикалық коммуникативтік технологияларын ақпараттық өзара әрекеттестік қағида негізінде қолдана отырып өткізген сабағында іс – әрекеттің тез ауысып отыруына байланысты оқушылар тарапынан тез шаршау болған жоқ, керісінше есте сақтау, ойлану, сөйлеу және қиялдау дағдыларының артуына оң әсер етті.

4 «В» сынып жетекшісі В.А. Зеленая математика пәні бойынша «Бекіту» ашық сабағын өткізді. Сабақ әрекеттік әдісі бойынша өтті. Оқушылардың ынтасын сабақ басында назар аудартудан бастады. Тапсырманы бірге орындауы, қайталауы , дұрыс жазудың талап етілуі , ереже қайталаулары оқушылардың өзекті мәселелеріне айналған.
Көп таңбалы сандарды бөлу және көбейту алгоритмі бойынша жұмыс кеңесшінің қатысуымен өтті. Орындалған барлық тапсырмалар сабақ құрылымына сәйкес.

Жанна Аскарбековна оқушыларды оқуға, білім алуға тәрбиелей отырып, олардың «Әліпби» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеп, оқу, жазу дағдыларын, сөйлеу әрекетін дамыту, логикалық ойлауды арттыру бойынша сабақ өткізді.

Зарина Шарипуллаевна жаппай жұмыс түрін, топтық, екеуара , тақтамен жұмыс орындатты. Оқушылардың өздік жұмыс істеу сәтінде, оқуда ынтымақтастық тудыру үшін екеуара жұмыс істеу ұтымды құрылған. Олар өздері берілген тапсырмаға жауап іздеп, оны талдап, дұрыс жауапты анықтап, топтан кім жауап беретінін де келісу арқылы шешіп отырды.

2 «Г» сынып жетекшісі Г.А.Бекмаганбетова дүниетану сабағы бойынша «Жануарлар қалай қоректенеді» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өткен сабақты қорыту мақсатында және оқушылардың білімдерін жүйелеу үшін үй тапсырмасы тексеру барысында әр топ өздерінің «Жануарлар» тақырыбында зияткерлік – картасын қорғады. «Берілген суреттеме бойынша тап!» дидактикалық ойыны арқылы күрделі сұрақтан шыға алуларын көздеді. Пікірталас картасы барлық өсімдіктерде осындай мүшелер бар ма деген сұрақ төңірегінде болды. Пікірталас барысында оқушылар оқулыққа жүгіну қажеттігін түсінді. Оқушы – оқушы байланысын, оқушылардың жағымды қарым – қатынасын сабақ барысында айқын көруге болады. Бұның бәрі де оқушылардың жаңа сабақты қабылдауында жағымды қарым – қатынас туғызу мақсатында болды.


2 «Б» сынып жетекшісі В.А.Зеленая және 3 «Б» сынып жетекшісі Э.Т.Рахметовалар «Ғарышкерлер күніне » арналған салтанатты жиын өткізді. Оқушылар ғарыштың шығу тарихымен, дамуымен танысты, оқушылар бойында ғарышқа деген мақтаныш және сезім туындады, жан- жақты ойлау дағдылары кеңейе түсті, танымдық белсенділік артты. Салтанатты жиын Левитанның жанды грамжазуын тыңдаумен басталды. Оқушылар дайындаған өлеңдерін оқыды, бірінші ғарышкер Ю.А.Гагарин туралы, қазақстандық ғарышкерлер Т.Аубакиров, Т.Мусабаев, А.Аимбетовтер туралы шағын ақпарат берілді және осы тақырыпта жұмбақтар шешілді.

1 «Б» сынып жетекшісі А.К.Беседина «Әдептілік пен мейірімділік мерекесі» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізді. Іс – шара саяхат ретінде мейірімділік пен әдептілік бағыттары бойынша өтті. «Мейірімді күлкі», «Ертегі кейіпкерлері», «Зерек балалар», «Дымбілместе қонақта», «Сиқырлы сөздер», «Мейірімді пері», «Қиялшылдар» бекеттерінде аялдамалар болды. Іс –шараның кіріспе бөлімінде мұғалім ең негізгі адамдық қасиеттер туралы айтып кетті. Іс – шара барысында оқушылар Әдептілік пен мейірімділік сөздерінің лексикалық мағынасын аша алды. Іс – шара оқушылардың сөйлеуін, ойлауын, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.


4 «Д» сынып жетекшісі А.С.Ибрашева «Адамгершіл болыңдаршы!» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізді. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай, олардың топпен, екеуара жұмыс істей алуларын дамыта түсу, әр оқушының берілген тақырып бойынша ойларын ести білу мақсатында құрылған. Іс – шара өткізу түрі оқушылардың ойларын ашық айта білулерін, жолдастарына түсінушілікпен қарау, т.б. адамгершіліктік қасиеттерін дамыту негізінде құрылған.

4 «Б» сынып жетекшісі А.М.Салкимбаева математика пәні бойынша «Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Азайтудың тиімді жолы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім оқушылардың теңдеу шеше алуларын, есептерді шығара алуларын, берілген мысалдарды дұрыс, тез орындауларын көрсетті. Сонымен қатар сабақ барысында есте сақтау қабілетерін, шығармашылықтарын, логикалық, бейнелі ойлауларын дамыту үшін тапсырмалар қолдана алды. Қоршаған ортаны қорғап, сақтай білуге тәрбиеледі.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны