
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 26-бабы 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес әзірленген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын меншіктік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығынан тыс білім беру мекемелеріне қабылдау тәртібін белгілейді.
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 107-1654 қаулысына қосымша, Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жарғысының 38,39 тармағын басшылыққа алады.
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне, Астана қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің 2017 жылы 6-сыныбын бітірген балалар қабылданады.
Оқушыларды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу мақсатында мектеп директорының бекітіуімен орталық қабылдау комиссиясы белгілейді.
3.Құжаттарды қабылдау тәртібі
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үшін Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне директорының бұйрығымен саны 5 адам, мектеп педагогтары мен мамандарынан және ата-анадан (бір адам) тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді. Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіне түсуге конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
Барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге( скрошиватель) салынады.
Құжаттарды қабылдау 20.05-30.05.2017 жыл, сағат 10-00-13-00 аралығында жүргізіледі.
Үміткерлерді іріктеу ойлау қабілетінің деңгейін анықтау арқылы конкурс негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Ережеге сәйкес тапсырған үміткерлер жіберіледі. Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Емтихан 17-18 маусым 2017 жыл аралығында өткізіледі.
Бірінші кезеңде логика мен математика бойынша іріктеу тестілеуі (20 сұрақтан тұратын логикалық тест тапсырмалары, орындау ұзақтығы 60 минут), стандарт бойынша 5 математикалық есеп (есептің шешімінің міндетті түрде шығарылу жолы көрсетілуі керек, орындау ұзақтығы 45 минут). Бірінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт барлығы -105 минут. Тестілеу кезінде қағаз нұсқалар қолданылады.
Бірінші кезең аяқталған соң қабылдау комиссиясы жауап парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижесі тестілеу аяқталған соң, сол күні сағат 18-00-де шығарылады.
Конкурстың екінші кезеңі бірінші кезеңнен өткен үміткерлер үшін өткізіледі.
Конкурстың екінші кезеңіне бірінші кезең қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер жіберіледі (рейтинг бойынша).
Екінші кезеңде оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) бойынша мәтінмен жұмыс нысанында тестілеу жүргізіледі.
Әр пән бойынша 2 мәтін беріледі, әр мәтінде 5 тест сұрағынан (барлығы 10 сұрақ), лексика және грамматика бөлімінен (10 тест сұрағы) болады.
Екінші кезең тапсырмаларын орындауға берілетін уақыт -90 минут.
Екінші кезеңнің нәтижелері тестілеу өткізілген соң сол күні сағат 18.00-де мектеп сайтына 9.astana-bilim.kz жарияланады.
Үміткер конкурс тапсырмаларының нәтижесімен келіспеген жағдайда, тестілеудің қорытындысы хабарланған соң бес күн ішінде апелляциялық комиссияға шағым жасауға құқылы.
Төмендегі сұрақтар бойынша шағым қабылданбайды:
Апелляция барысында конкурс тапсырмалары қорытындысының дұрыс бағалануы тексеріледі. Емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Апелляциялық комиссия конкурс тапсырмаларының нәтижесін өзгерiссiз қалдыру немесе өзгерту туралы шешiм қабылдайды, үміткерге не себепті ұпай қосылғандығы туралы конкурстық комиссияға ұсыныс енгiзедi және апелляция қорытындысы туралы апелляцияға өтініш берген тұлғаларды хабардар етеді.
Мектепке қабылданатын үміткерлер тізімі қабылдау комиссияның хаттамасы негiзiнде мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орын болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер, оқу жылының басталу қарсаңында бос орын болған жағдайда оқуға тарту мақсатында қабылдау бойынша орталық комиссия бекітетін резервтік тізімге енгізіледі.
Конкурстық іріктеуді өткізуде немесе резервтік тізімнен кандидат анықтауда оқушыны мектепке қабылдау үшін ұпай сандары бірдей болған жағдайда басымдыққа ие болатын үміткер келесі:
Негізгі Ережеде ескерілмеген сұрақтарды Қазақстан Республикасының бекітілген iшкi құқықтық актiлерi мен қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс ұйымы шешеді.
Мектептің қаржыландыруы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамыр №499 қаулысымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 33-тармағының 1,2,3 –тармақшасы негізінде қаржыландырылады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны