5 сәуір күні мектебімізде қала мектептерінің Қорытынды аттестаттау мен жаңа форматты ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жұмыстары бойынша түсіндірме жиналысы болы өтті. Жиналысқа ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, білім басқармасының басшысы, ата-аналар комитеті мүшелері, 11- сынып оқушылары қатысты. Жалпы, 850-дей адам жиналды. «Ұлттық тестілеу» орталығының РМҚК директоры Р.С.Әлімқұлов жаңа форматты ҰБТ-дің мазмұны, құрлымымен түсіндіріп берді. Оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің тарапынан қойылған сұрақтарға ҚР-ның Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиева, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық Тестілеу орталығы» директоры Р.С.Әлімқұлов мырза сұрақ жауап алысты. Оқушылар мен ата-аналар сұрақтарын қойып, нақты жауаптар ала алды. Жиналыс соңында Э.А.Суханбердиева ханым оқушылардың мектепті ойдағыдай бітіріп, мақсаттарына жетуіне тілегін білдіріп, ақ жол тіледі.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны