Меню KDT

Новости

Главная Новости

Армысың, Әз Наурыз!

16-20 наурыз 2017 жылы №55 орта мектепте  Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Жұмыстың мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды. Әр сынып Наурыз мерекесі туралы ұлттық бұрыш ұйымдастыруға тапсырма алды. 7 «а», 5 «ә», 8 «а», 6 «ә» сыныптары жақсы  жұмыс  істеді. "Наурыз – жыл басы", "Жаса, жаса жаңа күн!" ақпараттық стендттерде бұл мейрамның адамдар өмірінде алатын орны, оған дайындалу ережесі мен өткізілуі туралы жазылды. Сынып оқушылары қабырға газеттерін  жасап мектеп фойесін безендірді. Бастауыш сынып оқушылары  арасында  ұлттық нақышта концерттік бағдарлама өтті. Жоғары сынып оқушыларына арнап  «Армысың, Әз - Наурыз!»  мерекелік  шоу-бағдарламасы өткізілді. Барлық сыныптар белсенді қатысып,  өз өнерлерін көрсетіп,  ұлттық киімдерін киіп келді.  «Наурыз-думан,  наурыз –ән»  атты сынып сағаттар өтті. Сонымен қатар мектепте қазақ халқының ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа  жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауімі оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.

 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны