Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жаңа технологияларды енгізу

Жаңа технологияларды енгізу – бүгінгі таңның басты мәселелерінің бірі.  Жаңа Қазақстанда  қазіргі кезде  өзінің білім саласындағы ұлттық моделін қалыптастыру жүріп жатыр.                                               Ел басымыз  Н. Назарбаев  өзінің     Қазақстан халқына жолдауында  «Ең алдымен, білім беру жүйесінің  рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің  орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген болатын.

         БжС технологиясының негізгі мақсаты – бұл сапалы оқыту. Технология авторы Ф.Я. Вассерман өзінің методикасының көмегімен бұл мәселені шешудің жолын көрсетіп берді. Оқыту  сапасының нормативтік көрсеткіші 63% құрайды. Бұл технологияның ерекшелігі  сабақта сынып белсенді жұмыс жасайды. Оқушылар сабақта талдауды, салыстыруды, алған ақпаратты қорытындылауды үйренеді, яғни  ақыл-ойды, логиканы, ойлауды дамыту  жүзеге асырылады. 21 ақпан күні біздің мектеп БжС технологиясы бойынша өткізілген қалалық семинар қонақтарын күтті. Мектеп мұғалімдері                        осы технология бойынша  сабақтар өткізді: 1 «А» сыныбында мұғалімі  Канапина З.Ш. , (математика),   2 «В» сыныбында мұғалімі    Нурумова  Д.Ж.,  (әлемді тану),  3  «Б»  сыныбында мұғалімі: Рахметова Э.Т.,    ( математика),  7 «А» сыныбында мұғалімі  Ибраева  А.Ш. (физика), 8 «Б» сыныбында мұғалімі  Абдрахманова А. Н (биология), 9 «А» сыныбында мұғалімі: Смагулова Г. Т. (математика). Келген қонақтар мектеп мұғалімдерінің жұмысына жоғары баға берді және оқушылар тарапына да жақсы сөздер айтылды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны