Интернетті қолдану қауіпсіздігі бойынша кеңестер
14-17 жас аралығындағы балалардың интернетті қолдануында ескергеніңіз жөн:
- Жасөспірім баланың қандай чаттар мен хабарландыру тақталарын қолданатынын білуге тырысыңыз. Моделденген чаттарды қолданғанын құптаңыз және кез-келген біреумен жекеше қарым-қатынас жасамауын қадағалаңыз, ескертіңіз. Туындаған мәселелерді шешуге көмектесіңіз.
- Интернеттен қандай да бір затты сатып аларда немесе сатар алдында жасөспірімнің сізбен кеңесетініне көзіңізді жеткізіңіз.
- Жасөспірім баламен желілік құмар ойындар және оларға байланысты қауіп-қатер жайында әңгімелесіңіз. Балаларға ондай ойындармен ойнауға болмайтынын ескертіңіз.
- Компьютеріңіздің қауіпсіздігін қадағалаңыз. Егер балаңыз бағдарламалық қамтамасыз етуді сізден артық білетін болса, онда отбасылық компьютердің қауіпсіздігін қадағалауды неге оған жүктемеске? Тіпті «Отбасын Интернет-шабуылдан қорғағаны үшін» мадақтауын енгізуге болады.
- Егер балаларыңыз блогтар жазатын болса, олардың өзі туралы тым көп жазбайтынына көз жеткізіңіз. Блог қызметіне бағалау жүргізіңіз және пароль көмегімен қорғалатын жеке блог жазбалары мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алатынын анықтап алыңыз. Балаңыздың блогындағы интернет-мекенжайын сақтап алыңыз және тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.
- Балаларыңыз үшін үлгі боларлықтай жағымды жақтары бар басқа блогтарды іздестіріп қарап алыңыз.
Өз отбасыңызды Интернеттің қауіп-қатерінен қорғау үшін оны қолданудың келесідей жалпы ережелерін сақтаңыздар:
- Балаларды қатыстыра отырып, Интернетті пайдаланудың отбасылық ережелерін құрыңыздар және оны бұлжытпай орындауды талап етіңіз. Балалардың жасына сәйкес және талап-тілектеріне қарай оны өзгертіп отыруға болады.
- Балалардан Интернет арқылы жеке басына қатысты ешқандай ақпарат бермеуін талап етіңіз, соның ішінде тегі, аты, мекен-жайы, телефон номері, мектептің номері, электрондық поштасының адресі, достарының немесе туыстарының аты-жөні, туған мерзімі, фотосуреті т.с.с. Оның арты не болатынын айтып ескертіңіз. Ешқандай жеке мәлімет бермейтін бейтарап экрандық есім қолданыңыз.
- Балаларыңыз кіріп жүрген сайттарды қарап, танысып алуды әдетке айналдырыңыз. Қадір-қасиетті қорлайтын мазмұндағы сайттарға кірмейтіндіктеріне, өзіне қатысты жеке мәліметтер немесе фотосуреттерін жарияламайтындықтарына көз жеткізіп отырыңыз.
- Егер интернет арқылы балаңызға біреулер қысым жасаса, міндетті түрде сізге бірден хабарлауын ескертіп қойыңыз. Балаларыңызға Интернет арқылы танысқан таныстарымен жеке кездесуге ересектердің бақылауынсыз шығуға ешқашан рұқсат бермеңіз.
- Спамнан қорғануға көмектесіңіз. Жасөспірімдерді қажетсіз хаттарға жауап бермеуге үйретіңіз. Жағымсыз хабарларды оқшаулау үшін электрондық пошталарды фильтрлі тазартуды қолданыңыз.
- Біреудің жұмысын көшіріп алу – музыка, компьютерлік ойындар және басқа да бағдарламалар – ұрлық болып табылатынын түсіндіріңіз.
- Балаларға Интернетті лайықты қолдану тәртібі мен жауапкершілік жайында әңгімелеп беріңіз. Балалар желіні ешқашанда бұзақылық үшін, басқалар жайында өсек тарату үшін немесе біреулерді қорқытып, қауіп-қатер төндіру үшін қолданбауы керек.
Балаларыңызға көңіл бөліп отыруды ұмытпаңыздар!
Интернет оқу, демалыс немесе достарыңызбен сөйлесу үшін тамаша және пайдалы құрал болуы мүмкін. Бірақ Интернет қылмыс, бұзақылық, қысым және өзге де қауіпті құбылыстар құралы да болып бара жатқаны жасырын емес. Интернеттегі қарым-қатынастың анонимді болуы қарым-қатынасқа сену мүмкіндігінің тез пайда болуына ықпал етеді. Қылмыскерлер осы анонимді қарым-қатынас түрін тәжірибесі жоқ жас адамдармен байланыс орнату үшін қолданып кетеді. Соңғы уақытта Интернетте пайда болған көптеген материалдар агрессивті және әлеуметтік қауіпті сипатта. Ересектер осындай қауіп-қатердің бар екендігіне және Интернет қолдануда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса көңіл бөлу керектігін қатаң есте сақтауы керек. Сіздің назарыңызға ұсынылатын материалдар, Дүниежүзілік ғаламтордағы балаларға арналған қауіптің жасырын болуы мүмкін екендігі жайлы және қандай сақтық шараларды қолдану керектігі, технологиялық құралдар көмегімен жасауға болатыны туралы біліммен қарулануға көмектеседі деп үміттенеміз.
Қаскүнемдер интернетте өзіне баланы тартуға және назарын аударуға бар күшін салып тырысады. Әдетте, олар қазіргі заманғы музыка жаңалықтары және балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығы жайлы жақсы хабардар, проблемаларын олармен бірге бөлісіп, сезінген сыңай танытуда. Төменде келтірілген белгілер, Сіздің балаңыздың қаскүнемнің назарында екенін білдіруі мүмкін.
- Сіздің балаңыз көп уақытын интернетте өткізеді.
- Кейде өз бөлмесінің есігін жауып алып, компьютерде отырып немен айналысатынын жасырады.
- Отбасылық компьютерде ашық мазмұнда материалдар пайда болады
- Сіз білмейтін адамдар балаңызға қоңырау шалады немесе ол өзі нөмірлері бойынша сізге таныс емес адамдарға қоңырау шалады.
- Сіздің балаңыз таныс емес адамдардан хат немесе сыйлықтар алады.
- Сіздің балаңыз отбасынан және достарынан шеттейді, егер бөлмеге үлкендер кірсе тез жаба қояды.
Баланың жасына байланысты Интернетке қызығуының өз ерекшеліктері болады.
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін Интернетті қолдану қауіпсізідігі бойынша кеңестер
- Бұл жастағы балалар Интернетке тек ата-анасының қарауымен ғана шығуы тиіс (басқа да үлкендер).
- Баланың жасына сәйкес компьютерде қалай және қандай уақытқа отыруын арнайы мамандардың ұсыныстарына сай шектеңіздер.
- Балаға арналған жеке Интернет -орта құру үшін балаңызбен жиі кіретін сайтты «Таңдаулылар» тізіміне қосыңыз
7-10 жастағы балалар үшін Интернетті қолдану қауіпсіздігі бойынша кеңестер
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии