1 Қыркүйек
1 қыркүйек білім күніне арналған – жүректен шыққан жылы лебіз
№23 орта мектебінің бастауыш білім беру мұғалімі Тоқжұман Назгүл Сайлаубекқызының арнау өлеңі.
Бүгінгі күн шаттыққа толы нұрлы күн,
Әр шәкірттің асыға күткен ұлы күн.
Алғашқы қоңырау, алғашқы сыңғыр үнімен,
Әр баланы мектепке ертер жаңа күн.
Шәкірттер қуана мектепке қарай асығар,
Аяулы мектеп, ардақты ұстаз қарсы алар.
Шәкірттерімен достарындай сырласқан,
Сенсіңдер, Ұстаздар, мектебімізді жаңғыртар.
Сыңғыр үнге жас балалар тамсанды,
Ата-аналар осы күнді аңсады.
Қол жеткізген жетістіктер еленіп,
Келешекке жоспарларда жол салды.
Жас мамандар қатары да толықты,
Қобалжуды бастарынан өткерді.
Жаңа орта, жаңа сыныптарымен,
Жас мамандар бүгін бәрі танысты.
Білім нұры, білім шуағы шашылсын,
Әр оқушы озат оқушы атансың.
Білім жолында талай істер атқарылып,
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии