Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Қазақстан Республикасы Әнұранының орындалуымен басталды.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толып, бойы өсіп, соңғы қоңырау салтанатына келді.
Мектеп деген - білім кені, жыр кені.
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген – даналардың мекені –
деген бастаушылар сөзімен басталған салтанатты жиын өз мақсатына жетті. Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптарында өткен бұл мерекеге ұстаздар, ата-аналар,оқушылар қатысты. Мектеп директоры Зәуре Жақанқызы оқушы мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, оқушыларға ақ тілегін айтты. Шара соңында қоңырау соғылып, әсем ән айтылды. Салтанатты іс - шарада мектебіміздің өнер жұлдыздары, қоғамдық жұмыстарға атсалысқан ата-аналар Мақтау қағазымен марапатталды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны