4 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Омаршаева Нагима Таласбекқызының ұйымдастыруымен Бурабайда демалып қайтты. Оқушылар сәні мен салтанаты жарасқан «Береке» отельіне тоқтады. «Жемчужина Синегорья» саяхат орталығы күтіп алды. Саяхат Абылайхан алаңынан және сұлу да әсем Жұмбақтастан басталды. Сарқырамаға барып, өзеннен су ішіп, «Бөлектауға» шықты Табиғат аясында ауқат жасап, жасырынған қазыналарды іздеп тапты. Табиғаттың әсемдігі, таза ауа оқушылар үшін естен кетпес күндер болғаны рас. Хайуанаттар паркіне де барып, жан-жануарлардың әлеміне үңілді. Балаларын Астанада күтіп алған ата-аналардың Нағима Таласбекқызына алғысы шексіз болды.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны