Меню KDT

Новости

Главная Новости

Үш тұғырлы тілдің қасиеті

2016 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласы «Тілеп Қобыз» сарайында керемет кеш болып өтті. Ол Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тілдарын-2016» қалалық олимпиадасы және «Тіл шебері-2016» қалалық байқауы қатысушыларын марапаттау рәсімі болатын. Бұл іс-шараға колледжіміздің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің 2 ОПП-414 тобы Наушабекова Назгүл Анарбекқызының жетекшілігімен қатысты.
Аталған байқау қатысушылары «үш тұғырлы тіл» саясатының аясында өздерінің меңгерген қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша білімдерін сайыста дәлелдеген болатын. Жалпы байқау туралы, оның қатысушыларын марапаттау рәсімі осы жылы кең көлемде өткізіліп жатқанын қазылар алқасының төрағасы айтып өтті. Іс-шараның  ұйымдастырушысы, тілдер басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқабаев мырза байқау қатысушыларын арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, кеш барысында «Бәйтерек» тобы, «Дәстүр-Арт» этно ансамблі, рухты әнші Маржан Арапбаева, Құрмаш Маханов сынды еліміздің эстрада жұлдыздары өнерлерімен көпшіліктің көтеріңкі көңілін еселей түсті. Іс-шара біздің білім алушыларымыздың көңілінен шықты. Себебі де белгілі, білім алушылардың түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі болуға, жеңіске жетуге жігерлендіргені сөзсіз. Ұйымдастырылу деңгейінің жоғары дәрежеде болуы, рухты әншілеріміздің әуезді күйлері мен әндері барша көрермендердің рухани жан дүниесіне бойлап, жақсы көңіл күй сыйлады.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны