







16.04.2016 ж.күні 6 - 11 сынып оқушылары «Қауіпсіз интернет» тақырыбына сынып сағаты өтілді.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа компьютер заманында интернеттің пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Өз денсаулықтарын сақтай білуге үйрету.


20 - 21.04.2016 ж. күні 9 - 10 сынып оқушылары арасында пікір-талас (дебат) өтті.
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу мақсатында 10 «А», 10 «Ә» сынып оқушылары арасында «Интернетті қолдау және қолдамау» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі Г.Г. Жумагатованың ұйымдастыруымен, информатика пәнінің мұғалімі А.К. Оралованың ұйымдастыруымен 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары арасында пікір-талас (дебат) өтті.
Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде, Интернет пен әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі жасөспірім оқушылар және үлкенді- кішілі адамдар интернет және әлеуметтік желілер арқылы хат алысып, танысып, тіпті отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен әлеуметтік желілердің де жақсы- жаман жақтары бар. Осы жайында оқушылардың ой- пікірлерін таразыға салып көрдік.
Қатысушылар:


Қатысушылар:


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны