12 наурыз күні сағат 12.00-де 9-сынып ата-аналары мен оқушыларына "Мамандық таңдау-маңызды іс" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналысты өткізудегі мақсат: Негізгі мектеп бітіргелі отырған 9-сынып оқушыларына қала бойынша мемлекеттік және жеке колледж мамандарымен кездесу болды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Нұрпейісова Ләззат Жақыпқызы барлық маман иелерін таныстырып өтті. Кездесуге 10 колледж қызметкерлері келді. Оның ішінде:
Астана техника және экономикалық колледжі маманы- Қайыңбай Рақымжан Жұмабекұлы.
Көпсалалы "Парасат" колледжі қызметкері Баян Сағынғалиевна
Еуразия гуманитарлық колледжі маманы- Тлеулина Баян Арманқызы
Барлы маман иелері ата-аналарға слайд арқылы өз колледждері туралы, қандай мамандықтары бар, оқу барысы қалай жүреді, грант бөліну туралы айтып өтті. Ата-аналар өз тараптарынан сұрақтарын қойып, мазмұнды кездесу болып өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны