Меню KDT

Новости

Главная Новости

Көктемнің алғашқы шуақты күніндегі әсерлі кеш....

 

8 – наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана – шуақ, Ана-бақ» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кештің басын «Шаттық – 2016» байқауының Алтын медаль иегерлері мың бұралған биші қыздарымыз «Асылай» би ансамблі «Әшекейлі арулар» биімен ашып, «Бәйтерек» ансамблі өздерінің үздік туындыларын нақышына келтіріп орындады. Мектеп оқушыларынан құралған «Шабыт» театры Рахымжан Отарбаевтың «Нұр жауған ғұмыр» пьесасын орындап, көрермендер көзайымына айналды.

Мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы өз құттықтау сөзін жеткізіп, «Шаттық – 2016» байқауының өнерпаз оқушылары мен жетекшілерін марапаттады.

9-сыныптың жігіттерінен құралған шығармашылық топ ана туралы өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, ұстаздарға гүл шоқтарын таратты.

«Бүлдірген» халық әнін «Көркем» триосы  орындап кештің сәнін аша түсті. Кеш соңында 1-сыныптың бүлдіршіндері «Анашым, қартаймашы» әнін орындап, билерімен тәнті етті.

Құрметті Арулар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндерінде құлпыра беріңіздер!

 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны