Жақында мектебіміздің 2 «Д» сыныбында 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай Шолпан Ақанқызының жетекшілігімен «Шуағы мол, нұрлы әжем» атты әжелер сайысы өтті. Сайыстың шарттары: I. кезең: Таныстыру (өлең немесе қара сөзбен) II. кезең: Сыр сандық ( бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар) III. кезең : Өнер сайысы ( ән, би, қолөнер, күй т.б) IV. кезең: Дайындаған асын қорғау. V. кезең : Бата беру. Сайысқа 5 әже немересімен қатысты. Қазылар алқасының шешімімен сайысқа қатысқан әжелеріміз «Алтын діңгек», «Парасат иесі», «Ақылман әже», «Өнерлі әже», «Шебер әже» номинацияларымен марапатталды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.