Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Көңілді мəре"

Иə... Акт залында Мұқағалидың кеші, спорт залда "Көңілді мəре", 4-қабатта "Тетраком" өте керемет өтті. Дегенмен ең қызықты іс-шара мектеп ауласында өтті. Дания Жаксыбаевна, Калданай Нүридинқызы, Бакыт Бахыт Алимбаевна жетекшілік ететін 8-сынып оқушылары жəне ата-аналары мектеп ауласының қарын күреуге шықты. Қолдарына бір-бір күрек алған əкелер ұлдарымен бірге қар күресе, қыздар жағы аналарымен бірге ашық аспан аясында ақ дастархан жайып, самаурынға шай қойды, қызу еңбектен келген азаматтарына дəмдері мен ыстық шайларын ұсынды. Тек жұмыс істеп емес, арасында сайысып та үлгерді ата-аналарымыз. Баласын күрекке отырғызып, сырғанаудан, ең əдемі аққала жасаудан сайыс өтті. Дастархан басында да бауырсақ жеуден де жарысып алдық. Ұйымшылдық танытқан ата-аналар, оқушылар, ұстаздар қауымы əрі демалып, əрі еңбек етіп, əрі бір-бірін бұрынғыдан да жақын біле түскендей болды. Бұл шарада белсенділік көрсеткендер мадақтаусыз қалған жоқ. Сайыстарда ерекше нəтиже көрсеткен 8 "ə" - сыныбы үздік деп танылды. 
        

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны