Астана қаласы№72 мектеп-лицейінде 26.02.2016 жылы деңгейлік оқыту бағдараламасы аясында «Өзін-өзі реттеу әдісін оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинар мақсаты: Мұғалімдердің білім мазмұнын жаңарту жағдайында қолдау көрсету, желілік қоғамдастықтың жүйелі дамуына ықпал ету.
Семинарда басты үш түрлі шара жүзеге асты:
1) Деңгейлік бағдарламаны тәмамдаған мұғалімдер мен менторинг (тәлімгер мен тәлім алушылар)желілік қоғамдастықта ашық сабақтар арқылы тәжірибе алмасуы;
2) Коучинг үдерісі;
3) Кері байланыс: пікірлесу, ұсыныс, қорытынды;
Семинарға желілік қоғамдастықта бірлесіп жұмыс жасайтын №17, 5, 10, 24, 45, 49, 69, 71, 75 мектептермен қатар, тәжірибе алмасу мақсатында № 66, 7, 78, 66, 70, 80, 34, 62, 25, 31, 51, 37, 74 мектептер де белсене қатысты. 




Практикалық семинарға өз көмектерін беру үшін Астана қаласы «Өрлеу» орталдығынан Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы, Педагогикалық шеберлік орталығынан Сара Еркеновна, Энтина И.Л., Білім басқармасынан әдістемелік кабинеті меңгерушілері:Баяхметбаев К.І., Канапьянова Г.И., Нұртаева Қ. Ө., Меңдібаева А.Т., Асылтас Задановнақатысты.
Семинардың жүргізілу барысы, нәтижесі, кемшіліктерімен мүмкіншіліктері, кездескен қиындықтары туралы қатысушылар өзіндік пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.













Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны