Мектебімізде 6 «А», 7 «А» сынып оқушыларының 2014-мектеп түлектерімен кездесу кеші өткізілді. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық. Кеш барысында оқушылық кезеңдерінен бейнеролик көрсетіліп, сұрақтар қойылып, әсем сазды ән тыңдалып, күмбірлеген күй, мыңбұралған би, әзілқалжың тамашаланды. Жас түлектер кешінің символы болған «Естеліктер» альбомына тілек жазылып, мектеп тарихына қалдырылды.
Кездесуге келген қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар жағдайаттар мен ойындарға белсене қатысып, қызықты, көңілді кеш болды. Кеш соңында ата-ана Амандық Жолдыбай,6 «А», 7 «А» сыныптың жас ақындары мектептерінің 10 жылдық мерейтойына шығарған өлең шумақтарын оқып берді.

6 «А» сынып оқушысы Жолдыбаев Санжардың «Ерке сылқым» күйін орындауда.
Зерде мектебінің 2014 жылғы түлегі Үсенова Арайлым, оқушылармен шешуін табуға қиындық соқтыратын жағдаяттар сұрақтарын шешу кезеңінде.
Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар әзіл-қалжың, ойын кезеңінде.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны