Меню KDT

Новости

Главная Новости

Өзін-өзі тану пәні бойынша апталық өтті

   2015-2016 оқу жылының 2-12 ақпан аралығында еліміздің барлық білім беру мекемелерінде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндік өткізілді. Қазақстанның барлық өңірі атап өткен шараға Астана қаласының Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімдері мен оқушылыры да белсене қатысты.
   Өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың білімдері мен адами құндылықтарын дамыту, дүниеге деген шынайы көзқарастарын қалыптастыру, түсіністік пен достықта, қуаныш пен махаббат аясында өмір сүруге бейімдеп, сонымен бірге қоғамға қызмет ету жауапкершілігін арттырумақсатында ұйымдастырылған онкүндіктің ашылуы әр күні  концерттік бағдарламалар мен мерекелік іс-шараларға ұласты. Олар: «Ана-бақыт, ана-өмір, ана-жыр...» атты жас ақындар мүшайрасы, «Әлемге сүйіспеншілікпен қараймыз» жас суретшілер сайысы, «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» ашық хаттар сайысы, «Әлем және біз» шығармалар сайысы және «Білім сапасына сүйіспеншіліктің ықпалы» барлық пән мұғалімдеріне арналған тренинг.
  Сонымен бірге «Ғаламшар ғажаптары», «Ашу-дұшпан, ақыл-дос», «Адалдық-адамдық белгісі» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіліп, оқушылар шығармашылығына арналған «Әлемге сүйіспеншілікпен қараймыз» атты көрме ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мектепішілік шаралармен қоса түрлі қалалық сайыстарға да қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, 7сынып оқушысы Төлепберген Дияс «Мейірім төгетін ана» аттымәнерлеп оқу сайысына қатысып жүлделі I орынды иеленді және өлеңі авторлық жинаққа енді. «Гаухартас» фракциясы қалалық дебатта үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды. Ал 7 сынып оқушысы Сейдахметұлы Дәуреннің салған суреті мен Рышатбекова Мариямның қолдан жасалған бұйымы көрермен көзайымына айналып, үздік деп танылды. Апталық қорытындысында мектепішілік және қалалық іс-шараларда белсенділік танытқан оқушылар мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

   

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны