Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Өзара оқыту арқылы оқу процесін ұйымдастыру»

      2016 жылдың 4 ақпан күні  Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта  мектепте Педагогикалық шеберлігі орталығының  жоспары бойынша «Өзара оқыту арқылы оқу процесін ұйымдастыру» атты қалалық семинар өтті.

     Семинарды ұйымдастырған  №37 орта мектебінің ҒӘЖ жөніндегі директордың орынбасары Алибекова Г.З., I деңгейлік мұғалімдер Тукенова Ж.К., Утенова А.Т., Кожахметова Ж.Ш., II деңгейлік мұғалімі Рябченко Н.Г.

      Семинарды 23 жыл бойы мектепті басқарып отырған  директоры Ахмет Базыл Әлдешұлы ашты.

     Семинар бағдарламасының 1 бөлімінде  мұғалімдер үшін коучинг өткізілді, 2 (практикалық) бөлімінде  №37 мектептің  III  деңгейлік мұғалімдері  семинар тақырыбына сәйкес  сабақтарында өзара оқытудың  қолдануын көрсетті. Семинарға қатысушылар 3 топқа бөлініп әр мұғалімнің сабағында 15 минут ішінде сабақтың түрлі кезеңдеріңде өзара оқытудың  әдістерін тамашалап, талдау жасады. Сабақ өткізген ұстаздар: бастауыш сынып мұғалімдері – Искакова М.Б., Кожабекова А.К., Батарбекова О.С., тарих пәні мұғалімі Убанова С.Х., биология пәні мұғалімі Ахметова Л.Т., қазақ тілі пәні мұғалімдері Омарова А.К., Абсаттарова А.Н., ағылшын тілі пәні мұғалімі Кыдырбекова Г.Д., география пәні мұғалімі Тулегенова А.К..

     Семинарға №29, 32, 38, 48, 52, 54, 57, 64, 80 қала мектептерінің  1, 2, 3 деңгейлік курстан өткен, жаңа форматты  мұғалімдері қатысты. Семинардың сарапшылары ПШО өкілдері Нугербаев Т.К. және  Айдосова Т.К. өткізілген сабақтарға жоғары баға беріп, семинардаң кейін мұғалімдерге жеке кеңес ұйымдастырды.

     Семинарға Білім Басқармасы әдіскері Мендыбаева А.Т. қатысты, өз тарапынан мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны