Педагог қызметкерлерді аттестаттау – ұстаз еңбегі үнемі жаңарып, жасарып тұратын шығармашылық құбылыс
2016 жылдың 21 қаңтарында мектебімізде кезекті аттестациялық комиссияның отырысы өтті. Ондағы қаралған мәселе:
Аттестация комиссиясының төрайымы, мектеп директоры Нугуманова Самал Ботаханқызы отырыстың сұрақтарымен және қойылатын талаптар бойынша кіріспе сөз сөйледі.
Бірінші сұрақ бойынша, ҒӘЖ орынбасары Б.С.Кожахметова толық мәлімет берді.
Бірінші және жоғары санатқа үміткер мұғалімдердің шығармашылық тақырыптары қорғалды, яғни олар әркім өз тақырыптарының өзектілігі, міндеттері, жаңалығы, болжамына тоқтала отырып, осы бойынша жасалынып жатқан жұмыстары бойынша өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.Мәселен, бастауыш буын оқушыларының шығармашылық қабілетін ашу болса, жоғары буын мұғалімдері оны дамытуға бағыттаған тақырыптар болды.Сұрақтар қойылып, ескертулер жасалып, ұсыныстар айтылды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии