Мектебімізде биылғы оқу жылынан бастап Білім басқармасының 29.08.2014ж №551 бұйрығы негізінде «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша эксперименттік сыныптар жұмыс істейді. Мектепішілік олимпиадаға эксперимент бойынша жұмыс істейтін 20 команда -1А»,1«Ә»,1«Б»,1«В»,1«Г»,1«Ғ»,1«Д»,1«Е»,1«Ж»,1«И», 2 ә, в, г, е, д, ж, 4 «Ә», 4 «Б», 5 «А», 6 «А» сыныптары қатысты. Әр сыныптан 7 оқушыдан қатысып, команданың аты, ұраны, топ басшысы, жетекшісі болды. Мектепішілік олимпиадаға СКТ технологиясының авторы Н.А.Оразахынова басшылық жасап, командаларды іріктеу жұмысын атқарды. Комиссия қорытындысы бойынша 20 команданың 15 командасы қалалық ауызша олимпиадаға жолдама алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны