Астана қаласы № 49 орта мектебінің 1-5 сынып оқушылары қайырымдылық акция аясында 11 желтоқсан күні «Балдәурен» ойын сауық кешеніне барды. Балалар уақыттарын көңілді өткізді.
Астана қаласы № 49 орта мектебінің 1-5 сынып оқушылары қайырымдылық акция аясында 11 желтоқсан күні «Балдәурен» ойын сауық кешеніне барды. Балалар уақыттарын көңілді өткізді.

Астана қаласы №49 орта мектебінің ата-ана қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға «Мейірімділік –М» қайырымдылық қорының 2015 жылдың 18 желтоқсанында мерекелік концерті өтті. Іс-шара барысында жас өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Аяз ата мен ақ шақар келіп оқушылардан таппақ сұрап, сыйлық тарту етті. Балаларға концерт сонында ойыншықтар таратылды. Мектебіміздің атынан «Мейірімділік-М» қайырымдылық қорының диреторы алғыс хатпен марапатталды.

Астана қаласы №49 орта мектебінің ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан 2 оқушы 2015 жылдың 24 желтоқсан күні оқушылар сарайында өткен Елбасының жаңа жылдық шыршасына қатысты. Олар: Ганиев Амир 3 «Ә» сынып оқушысы, Кулмаганбетов Талғат 6 «Д» сынып оқушылары. Жаңа жылда балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Балаларға керемет ертегілер тарту етілді. Балаларға арнап жаңа жылдық дастархан ұйымдастырылды. Жаңа жылдық сыйлықтар таратылды, оның ішінде: (сертификат, жаңа жылдық тәттілер, кітап, ойыншық, шақыру билеті) болды. Балалар және ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарын жеткізді.

Астана қаласы 2015 жылдың 23 желтоқсан күні Азия парк сауда орталығында «Мейірімділік-М» қайырымдылық қорының жаңа жылдық шыршасына №49 орта мектебінің аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан оқушылары қатысты.
Жаңа жылда балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Балаларға керемет ертегілер тарту етілді. Балаларға арнап жаңа жылдық дастархан ұйымдастырылды. Шырша сонында балаларға жаңа жылдық тәттілер таратылды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии