Математика пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы Сатова Гаухар Рамазановна қарашаның 4-де 2 ТРА-215 тобымен «Нақты көрсеткіштік дәреже және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, нақты көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, есеп шығарту барысында студенттерге деңгейлік тапсырмалар мен сызбалық жұмыстар үлестірілді. Студенттер теориялық алған білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыра білді. Жалпы сабақ жоғары деңгейінде өткізілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны