2015 жылдың қараша айының 12 жұлдызында Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастамасымен мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кең ауқымды кездесу өтті. Дәріс оқыған Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Тоқсарин Қуаныш Қадырұлы. Кездесу барысында жоспарланған негізгі үш тақырып қамтылды:
Әңгіме барысында жоғарғы сынып оқушылары мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар институтына оқуға баратын талапкерлерге берілетін жеңілдіктер мен оқуға түсуге қажетті ережелер мен талаптар туралы сұрақтарға толыққанды жауап алды. Күнделікті жағдайда қоғамдық орындарда белгісіз оқшау тұрған заттарды аңғарғанда қандай іс-қимылдар жасау керектігі туралы мәлімет алды. Және де жастардың теріс ағымдағы діни-экстремистік топтар қатарына тартылуы амалдарының қалай жүргізілетіне, кімнен және неден сақтану керектігі туралы сұрақтарына жауап алды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны