2015 жылдың 3-ші желтоқсанында Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің спорт залында 5-6 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын өткізілді. Бұл жиынға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Кошкунбаева Мапруза Укеновна, Тулеуова Гүлжан Дарибаевна және Білім басқармасының әдіскері Мендибаева Айман Таубаевна қатысты. Іс-шараға 5-6 сыныптардың сынып жетекшілері де қатысты. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушылар «Жас Ұлан» гимнін орындап, салтанатты түрде АНТ берді. Бұл іс-шарада «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 124 оқушы қабылданды. Осы оқушылар ел үмітін ақтап, еліміздің келешегі боларына сенімдіміз! Ақ жол!




Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны