Оқушылардың күзгі демалыс уақытын ұйымдастыру, танымдық және шығармашылық талаптарын дамыту, азаматтық айқындаманы қалыптастыру, эстетикалық, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы іс-шара келесі мақсатта өткізілді:
Оқушыларды күзгі демалыс уақытында қызықты іс-шараларға жұмылдыру мақсатында, 7 «А» сыныптың «Алау» мұз айдынына саяхатқа баратын оқушылары анықталып, алдын-ала тәртіп ережелерімен таныстырылып, қолдары қойғызылды.
7.11.2015 ж. Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынына саяхатқа сағат 11.30-да 7 «А» сыныптың 10 оқушысы мен сынып жетекшісі Жумагатова Г.Г. және ата-аналар комитетінің мүшесі Дүйсенбекова Ә.Ж. барды.


Балалар бұл саяхатта спортпен шұғылданып, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, өз демалыстарын қызықты, әрі есте қаларлықтай өткізгені туралы ой бөлісті. Сынып жетекшісі мен ата-анаға үлкен рахметтерін айтып, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне тарады.
7 «А» сынып жетекшісі: Жумагатова Г.Г.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны