Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде білім беру аясында «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси басталамалары» жобасын жүзеге асыру аясында бастауыш сынып мұғалімі Қабыкеева Үкіжан Талғатқызы «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты мерекелік сабағын үйлесімділік пен жылулық атмосферасында өткенін ерекше атап өтуге болады.
Бұл сабақ Конституциямыздың 20 жылдығына арналып, мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып оқушыларымен өткізілді.
Сабақ барысында лицейдің болашақ 1-сынып оқушылары мұражай өлкесіне саяхат жасай отырып, Ата Заңымыздың құрылу тарихымен танысты. Конституцияда бекітілген өз құқықтары мен міндеттерін білді. Бүлдіршіндер өзін-өзі тану элементтері арқылы Отан, ана тілі, еркіндік, мемлекеттің тарихы мен дәстүрі сияқты ұғымдар туралы өз білімдерімен бөлісті.
Ұйымдастырылып отырған мереке барысында балалар ойын элементтері арқылы «Мен-Қазақстан азаматымын» бөлімінде орындап, өз топтарымен сурет салып жобалар қорғады. 
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны