Көрмеміз оқушыларға үш тілді меңгере білуге негізделген.
Мұғалімдерге тілді үйренуге көптеген әдістемелік құралдар, журналдар, газеттеріс –шаралар өткізу әзірлемелері ұсынылған.
Көрме оқырмандардың қызығушылығын оятып,кітапхананың оқу залының қызмет көрсету саны мен оқырмандардың қатысымын көбейтті.
« Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады» деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамыта отырып көркем, шешен сөйлеуге баулу , ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында кітапханада « Мемлекеттік тіл -менің тілім» атты мерекелік әдеби кеші өткізілді. Оқушылар мен мұғалімдер белсенді қатысып, кітапханамен байланыс жақсарды, оқырмандар саны көбейіп, кітапхана қоры ашылды.
Орындаған: Кітапханашы Желдыбаева Сәуле Қажығалиқызы.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны