Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектеп-лицейдің 15 жылдық мерейтойына арналған қала мектептерінің ұстаздарынан құралған волейбол командаларының ойыны басталды.

Бүгін екі күнге созылған мектеп-лицейдің 15 жылдық мерейтойына арналған қала мектептерінің ұстаздарынан құралған волейбол командаларының ойыны басталды. Бұл ойынға қала бойынша 7 мектеп қатысып отыр. Олар: № 8 орта мектеп, № 52 орта мектеп, №53 мектеп-лицей, №57 орта мектеп, № 40 орта мектеп, № 24 орта мектеп және № 38 мектеп-лицей командалары. Ашылу салтанатының құрметті қонақтары ретінде Астана қаласы қалалық маслихаттың депутаты Ким Алмаз Феликсовичтың көмекшісі Изтилеуова Жанна Уалиевна осы ойынның демеушісі қатысып, өзінің ойынға қатысушы командаларға, №38 мектеп-лицей басшысы Жамал Базарқұлқызына, мектеп ұжымына 15 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. Мектеп басшысы Жамал Базарқұлқызы мектеп-лицейдің тарихи мектеп, соның ішінде Астана қаласының тарихымен де бірге жасап келе жатқан киелі білім ордасы екенін де айта келіп, барлық қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне білулеріне ниет білдірді.

Екі күнге созылған жарыс қортындысы бойынша:
1- орынды №40 орта мектеп жеңіп алды;
2- орынды №8 орта мектеп жеңіп алды;
3- орынды №38 мектеп - лицейі жеңіп алды. Жеңімпаз ұстаздар ұжымын жеңістерімен құттықтай отырып, алда келе жатқан ұстаздар мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

 
 
 
 
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны