Қазақстан халқы тілдерінің күні
19 қыркүйек күні №3 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы тілдерінің күні айлығы негізінде іс-шара өтті. Іс-шара екі ауысымда да өтті.

Бірінші ауысымда «Тілім барда тірімін мен» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараны қазақ тілі мұғалімі Абуова З.К ұйымдастырды.

Екінші ауысымда «Тілім-тірегім» атты тіл мерекесіне орай 7 сынып оқушылары арасында іс-шара өтті. Іс-шараны мектептің қазақ тілі мұғалімі Ченыбаева А.С мен орыс тілі мұғалімі Алиакпарова А.П ұйымдастырды.

Шара барысында оқушылар «Қазақ елі» анимациялық филімін тамашалады.

Оқушылар әр тілде өлеңдер оқыды. 6 сынып қыздары ағылшын тілінде билеп тұрып ән салды (пән мұғалімі Жакилина А.К). Тіл мәртебесі жайында мағлұмат берілді.

Ән,би,күймен көркемделген іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии