
4 сыныптарға арналған «Менің алтын ұям» атты саптүзеу өткізілді. Балалар отбасылары туралы өлең-тақпақтарымен бөлісті.
9 қыркүйек күні бастауыш сыныптардың арасында «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық жарыс өткізілді.
![]() |
![]() |
Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша: «Қыран»тобы 1орынды, «Бақытты жанұя» тобы 2 орынды, «Тұлпар» тобы 3 орынды иеленді. «Әкем - тірегім, анам - жүрегім» атты отбасылық өзін – өзі тану танымдық сабағы өткізілді. Әр отбасы өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетті. Оралхановтар, Таубаевтар, Исатаевтар, Сапаровтар жанұясы белсене қатысып, алғыс хат қағазымен марапатталды.
10 қыркүйек Отбасы мерекесіне арналған 11 «а» сыныбында қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату, және ұлттық сананы бойына қалыптастыру мақсатында «Отбасы өмір аясы » атты ата-аналармен бірлескен тренинг сабақ өткізілді.
Кездесу-тренинг барысында «Ата-ана насихаты» бейнефильмі көрсетілді. Ата-аналар фильмді талдай отырып,ата-ананы құрметтеу туралы келешекте ата-анаңа не істесең алдыңа сол келетіндігі туралы балаға ой салатын пікірлерін ортаға салды. Сабақ соңында, Разахов Мұрат, Ақжігітова Айгүл, Мергенбаева Айман сынды ата-аналар тренинг сабақтың өте жоғары деңгейде өткендігі, оның баршаға ой салатындығы ,алдағы уақытта адамгершілік рухқа тәрбиелейтін осындай сабақтардың көп болуын өз тілектерінде айтты.
![]() |
![]() |
13 қыркүйек күні 3 «Б», 3 «Г» сыныптарында «Әкем-тірегім,ана-жүрегім» атты отбасы байқауы ұйымдастырылды.
![]() |
![]() |
Отбасы мен мектептің арасындағы ынтымақтасты нығайту мақсатындағы іс-шаралар алдағы уақыттарда да өз жалғасын таба бермек.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны