Астана қаласы №71 мектеп-лицейі Конституция күнін мерекелеу аясында мектебіміздің өнерлі оқушылары Илинка шағын ауданында Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысып өнер көрсетті. Мектеп-лицейінің «Нұрсәулемай» бишілер ансамблі және Жақып Гюзаль «Қосалқа» күйін орындап, Тасқұл Ақбота «Астана» әнін орындады.
