1 қыркүйек - Білім күні
Сондай-ақ, салтанатты мерекеге арнайы шақырылған еңбек ардагері оқушыларға ақ батасын берді.
Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 11 сынып оқушысы Серікбаев Олжас пен 1 сынып оқушысы Жанат Нұрайға және 11 сынып оқушысы Мажит Анельмен 1 сынып оқушысы Сипат Ерасылға тапсырылды.
Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»тақырыбында сынып сағаттары болып өтті.
«Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өткізілген кездесуде 10-11 сынып оқушылары зор белсенділік танытты. Орнымен көрсетілген бейнекөріністер, фильмдерден үзінділер іс-шараның жоғары деңгейде өтуінің алғышартындай болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии