Оқу жылына дайындық бойынша мектеп психологының мақалалар топтамасы
Баланың мектепке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығы мектеп оқушысы жағдайын-жаңа әлеуметтік позициясын қабылдауға дайындығын қалыптастырудан тұрады. Мектеп позициясы мектепке дейінгі жағдайымен салыстырғанда жаңа ережелермен қоғамда орын алуға міндеттейді. Бұл тұлғалық дайындық баланың мектепке, мұғалімге, оқу қызметіне, туған-туыстарына, құрдастарына, жақындарына және өзіне ерекше көзқарасымен белгіленеді.