Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні (World Environment Day) жыл сайын 5 маусым күні аталып өтіледі, Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аударып, оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қабылданған қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді. (StockholmConferenceontheHumanEnvironment).
Бұл Күнді мерекелеу мақсаты- адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады.
Біз барлығымыз – Жердің баласымыз. Біз барлығымыз – осы жерде туғанбыз. Біз жерді қорғап, сақтауымыз керек. Біз жасыл – таза ормандарды, Салқын – мөлдір бұлақтарды қолдаймыз.






Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны