Алып шахардың әр мектебінде оқушылар тағы бір оқу жылын аяқтап, соңғы қоңырау салтанатты жиынын өткізді. Білім ордамыз №65 мектеп-гимназиясының қабырғасында да салтанатты жиын үлкен қуанышпен атап өтілді. Салтанатты жиында мектебіміздің түлектері соңғы вальсымен ата-аналарымен аса құрметті қонақтарды таң қалдырды. Үлкен қуаныш еліміздің әнұранымен ашылып, балдырған балалардың өлең-тақпақ, ән-жырларымен жалғасын тапты. Жиынның құрметті қонағы Қазақстан Республикасының парламент мәжіліс Бурханов Камал Низамұлы мектеп түлектеріне ақ жол ізгі ниетін, ұстаздар мен ата-аналар ыстық ықыласын толғана жеткізді. Астана қаласы білім басқармасының инклюзивтік білім беру бағытының жетекші бас маманы Камашова Гүлнар Төлеутайқызы оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ерен еңбектің нәтижесі ҰБТ-ден ойдағыдай биік жетістікке жеткізуге тілек берді. Жиын барысында мектеп бітіруші түлектерді - мектеп басшысы Теменова Сәуле Ермұханқызы, ата-аналар, 11 жыл бойы білім беріп, тәрбиеленген аяулы ұстаздарды да сөз алып құттықтады. Түлектердің жан тебірентер сөздері шексіз алғыстары келесі жылғы түлектерге табыстаған аманат кілті – мектептің абыройын асқақтату мақсатындағы ізгі шараларды жалғастыра дамыту ниетімен соңғы қоңырау сыңғырымен аяқталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны