7-Мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай
"Саптағы ән байқауы" және мектепалды даярлық тобында
"Мен - Елімнің ертеңі" атты ертеңгілік өтті.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Жиһаншин Нуриддин ақсақалды №69 мектеп-гимназиясының 8 "А" сынып оқушылары сынып жетекші С.А. Умирзакова құттықтап, құрмет көрсетіп қайтты.
Қарт ардагер Елбасына берген батасының жалғасы іспеттес құрметтей барған оқушылар ардагердің батасын алды.
