Меню KDT

Новости

Главная Новости

Салауаттылық - денсаулық кепілі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан - 2030” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басым көрсетеді. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу - басты талап.

Елбасымыз жыл сайынғы жолдауларында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау және дене шынықтыруды одан әрі дамытуды жүзеге асыру әр қазақстандықтың парызы, әрі міндетті деп қабылдауымыз керек. Білім саласында оқушыларымыз тек жақсы жетістікке жетуін, сонымен қатар көшбасшы болуын қалау үшін, біріншіден көшбасшылықты өзіміз таныту керекпіз. Осындай көшбасшылық танытқан жетістіктеріміздің бірі-білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы ұйымдастырған 2013-2014 оқу жылына арналған білім кызметкерлері спартакиадасы шеңберінде волейболдан өткен командалық жарыстағы жеңісіміз. 50 мектептің арасында №52 мектеп-гимназиясынан волейбол командасы құрамы:

Баяр Ноғайұлы

Қантеев Қайрат

Рыспеков Сағат

Баймағанбетов Аманқос

Кемелбаев Нұрбай

Нұрғалиева Үміт

Жахина Жанна

Ильясова Аида жүлделі орынды иеленді.

№35 орта мектептегі марапаттаудан кейін мектебіміздің әкімшілігі әріптестеріміздің алдында жеңімпаз ұстаздарымызды құттықтады. Өз сөзінде мектеп директорының оқу ісінің  орынбасары  Нұртаева Ханымай Өзбекбаевна «Оқушыларға берген білім мен тәрбие бастауы осындай жеңістер арқылы көрініс табуы керек және де еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеуде жеңісті де жемісті күндеріміз көп болуы керек»-деді.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны