Мектебімізде 25.04.2014 ж. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрігер мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге №2 қалалық ауруханасының дәрігері Д.А.Есмурзиева 8-11 сынып қыздарына дене бітімі дамымаған қыз балалардың жүкті болған кезде қандай жағдайға душар болатыны жайлы, балалардың мүгедек болып туатыны туралы, ата-аналар мен қоғамның көзқарасы туралы айтты. Жүктіліктің алдын алу үшін қандай контрацептивтік заттарды қолдануға болатыны, олардың қорғауының сапасы туралы слайдтардағы диаграммалармен сипаттап өтті. №2 қалалық ауруханасының дәрігері Д.А.Есмурзиева сөзінің сонында ер балалармен жыныстық қатынасты болдырмаудың жолдарын айтты. Дәріс соңында оқушыларға «Жүктіліктің алдын алу» парақшалары таратылды. Мектеп әкімшілігі тарапынан ТІЖО И.А.Разиева, әлеуметтік педагог З.Х.Искакова , мектептің инспекторы А.М.Амрина қатысты.
25.04.14 күні өткен "Жүктілікті алдын алу" тақырыбында
дәрігер мамандарымен кездесу





Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны