Біз таза қаланы қолдаймыз!
12 сәуір күні мектебімізде таза қаланы қолдаймыз атты сенбілік болып өтті. Сенбілікке 8-11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Әр бір сынып мектеп ауласын тазартып, тал екті. Сондай-ақ 7 "А" сынып оқушылары Бауыржан Момышұлы ескерткіші маңында тазалау жұмысын өткізсе, 6 "А" сынып оқушылары Абай Құнанбайұлы ескерткіші маңын тазалап, Абай өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқып және әндерін шырқады. Осылайша мектеп оқушылар қалалық сенбілікке де өз үлестерін қосты


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии