Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ағылшын тілі бірлестігінің апталығы

№58 мектеп – гимназиясында 10 – 16 наурыз апталығында ағылшын тілі апталығы өтті. Апталықтың жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді. Бірлестікте 4 мұғалім жұмыс жасайды.
Апталық 10 наурыз күні ашылды. Ашылуына мектеп радио торабынан өлеңдер, құттықтаулар ағылшын тілінде айтылды.
Екінші күні жас маман Жақсыбекова Жансая Мухтаровнаның ұйымдастыруымен «Полинлот» викторинаны өткізді. 8 «А» , 8 «Ә» сынып оқушыларынан 2 топ жұмбақ, мақал, сөзжұмбақ шешуден, суретке қарап әңгіме құраудан жарысты. Нәтижесінде 8 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Бірлестік жетекшісі Бақыт Қабимолдақызы  және мұғалімдері Айжан Кенжебайқызы, Жансая Мухтарқызы, Балнұр Төреханқызы барлығы ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтар әртүрлі тақырыптарда жаңа технологияларды қолданып өткізілді. Айжан Кенжебайқызы “Would you like some juice” тақырыбында 5 сыныппен, Бақыт Қабимолдақызы  “Speaking about schools” тақырыбында 8 сыныпта, Жансая Мухтарқызы  “My room” тақырыбында, Балнұр Төреханқызы “ Would you like to order?” тақырыбында ашық сабақтарын топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды, ойын элементтерін қолданып өткізді. Сыныптан тыс шараларда ертегілерден көрініс көрсетті, әрбір сыныптар ағылшын тілінде әндер айтылды. Ағылшын тілі апталығы қызықты өтті.

 











Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны