Астана қаласындағы №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 17 наурыз айында ұлыстың ұлы күні Әз Наурызға арналған «Ең дәмді –Наурыз көже » атты отбасылық сайыс өткізілді. Кешке оқушылар, ұстаздар және ата-аналар қатысты.
Сайысқа 2 – 6 сынып оқушылары мен аналары қатысты.
Жүргізуші алдымен сайыстың қатысушыларымен таныстырып өтті.
Сайысқа 4 отбасы қатысты.
Олар:
Сайыс 5 кезең бойынша өтілді:
1 - сайыс: «Сәлем сөздің -анасы»- өзін - өзі таныстыру. 2 - сайыс: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап. 3 - сайыс: «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер», қол өнер 4 - сайыс: «Ең дәмді-Наурыз көже» тақырыбындағы байқау төмендегі шарттар бойынша бағаланады:
Байқау шарттарына толымды болған«Ең дәмді- наурыз көжені» әділғазы алқалары дәмін татып көріп анықтайды.
5 - сайыс: «Ең үздік-наурыз тілек» тақырыбындағы құттықтаулар төмендегі шарттар бойынша бағаланады:
Бұл сайыс өте тартысты өтті. Әділқазы алқасы 1-ші орынға Жалғасбек Эльмира мен Қайратқызы Аружанға, ал екінші орынға Жапабаева Айгүл мен Абдрахманова Дариға, үшінші орынға Құрманғалиева Бақыт және Қожабаева лайық деп шешті.. Ал, Досжанова Арайлым мен Ерболқызы Дильназ бен Мирас «Балдай қыз» номинациясына ие болды.
«Ең дәмді –Наурыз көже» атты отбасылық сайыс кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге болары хақ. Ата бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан игі дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа дәріптеп, ұмыт болған салт-дәстүрімізді жаңғырту ұстаз мақсаты. Бүгінгі сайысты ұйымдастырып отқан жас маман Раушан Берикқызы өзінің мақсатына толығымен жетті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны