«Өткенге тағзым, болашаққа сенім» атты тарих апталығы аясында 10-желтоқсанда 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Әлеуметтік желілерде адамгершілік құндылықтарын сақтау маңызды ма?» тақырыбында пікірсайыс болып өтті. Бұл пікірсайыста оқушылар әлеуметтік платформаларда этикалық нормаларды сақтау мәселесін талқылады. Пікірсайыс ойынында бір тарап адамгершілік құндылықтарын сақтау қажеттігін қолдаса, екінші тарап оның шектен тыс бақылауға немесе сөз бостандығын шектеуге әкелуі мүмкін екенін дәлелдеуге тырысты. Пікірсайыс ойынында жеңіске жеткен 9 «В» сынып оқушылары Ешимова Жансель мен Мұратбек Жаннұр. Дебат ойынын ұйымдастырушылар тарих пәні мұғалімдері Д.О Бекназарова және Т.А. Тығымбаев
ВИДЕО КӨРУ