Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ.

Мектебімізде, 27 қыркүйек “БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ” атты бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті! ВИДЕО КӨРУ
Күн тәртібіндегі мәселелер:
▫️Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.

Біз бүгін қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі –балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі және балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтардың саны артуы туралы айтылды!!

Бізді алаңдататын нәрсе – балалар әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз жағдайларға тап болады, кейде тіпті өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Бұл отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін қайғылы жағдай. Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,
оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс!

Сонымен қатар ата-аналарға “Балаңыздың телефонындағы қосымшалар мен
ойындарды тексеру”, ”Әлеуметтік желілер мен топтарды бақылау”, ”Хабарламалар орнату”, “Интернетті пайдалану уақытын шектеу” сынды ұсыныстар берілді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное