Меню KDT

Новости

Главная Новости

21.12.2018

Зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру

Алматы, Қазақстан – Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп,  «бір терезе» қағидатына сай   қабылдау  үшін композиттік қызмет енгізу мақсатында 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерінің есебін жүргізу, аудару, қайтару мәселелері бойынша ықпалдастықты реттейтін баптарға бірқатар толықтырулар енгізілді.

21.12.2018

Дария баққа жинаңыз

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне – 20 жыл. Осы кезең аралығында еліміз маңызды әлеуметтік-демографиялық, экономикалық өзгерістерді бастан кешіріп, талай жаңа белестерді бағындырды. Қазақстанның зейнетақы жүйесі де жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, уақыт талабына сай жаңарды.  Еліміздің зейнетақы жүйесінің өткені, бүгіні мен болашағына бағдар жасау үшін біз Астана қаласы филиалының директоры Мұрат Шариповты әңгімеге тарттық.

21.12.2018

БЖЗҚ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты белсенді жұмысы

Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.

21.12.2018

БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйренді

2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды.

21.12.2018

Қор атынан телефон мен электрондық пошта арқылы жұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлық ұтысын ұйымдастырғаны туралы жалған ақпарат таратып жатқанын ескертеді.

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды белгісіз тұлғалардың Қор атынан телефон мен электрондық пошта арқылы жұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлық ұтысын ұйымдастырғаны туралы жалған ақпарат таратып жатқанын ескертеді.

21.12.2018

Астанада қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорытындылары мен даму келешегі талқыланды

Форум-кеңес түріндегі отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкілдері, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты.

21.12.2018

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады

Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған  ақпарат шындыққа жанаспайды.

21.12.2018

БЖЗҚ: жеке қорлардың проблемалық мұрасына қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде

Еске сала кетелік, БЖЗҚ құрылмас бұрын зейнетақы нарығында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және бірқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Осы кезеңде салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуына және мемлекеттік қорда шоттардың автоматты түрде ашылуына байланысты «техникалық», яғни талап етілмеген және қосарлы шоттар пайда бола бастады.

21.12.2018

Астана қ. салымшылары мен алушыларына ақпарат берудің жаңа арнасы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық қазақстандықтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар оларға өзінің жаңа қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы маңызды және пайдалы ақпараттарды жеткізуге ұмтылады.

21.12.2018

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан – Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

21.12.2018

Салымшылармен өзара әрекеттесудің жаңа арнасы

Жаңа қызмет Қор бөлімшесіне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді.

21.12.2018

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі

Алматы, Қазақстан – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңынегізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті.Бұл жарналардың мөлшері алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны