№38 мектеп-лицейде 26.01.2019 жылы "Жас маман-2019" сайысы өтті. Сайысқа 7 жас маман қатысты.Олар бастауыш сынып мұғалімі Ақмурзаева Ұлбосын,ағылшын пәні мұғалімі Жантураева Гульзара, математика пәні мұғалімі Темирбулатова Арайлым, бастауыш сынып мұғалімі Ашимова Аида, ағылшын тілі пәні мұғалімі Естаева Диана,информатика пәні мұғалімі Әмірғазы Тоғжан, дене шынықтыру пәні мұғалімі Елемес Перизат.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды. І бөлім "Мен мұғаліммін" өзін-өзі таныстыру, ІІ бөлім жас ұстаздардың өз шығармашылық тақырыптарын қорғау,ІІІбөлім өз өнерін көрсету, IV бөлім ситуациялық сұрақтарға жауап беру.

І орынды информатика пәні мұғалімі Әмірғазы Тоғжан ,

ІІ орынды дене шынықтыру пәні мұғалімі Елемес Перизат,ІІІ орынды Темірбулатова Арайлым,Ақмурзаева Ұлбосын,Жантураева Гүлзара иеленді.

Ал бас жүлдені бастауыш сынып мұғалімі Ашимова Аида иеленіп қалалық кезеңге өтті.

«Білім шыңы» жас техниктер чемпионаты

27 қаңтар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАЛАМТОРСЫЗ КҮН. Осы күнге орай №55 орта мектеп балалары интернетсіз бір күн акциясы өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға атсалысу.Телефонды тоғызқұмалаққа, интернетті шахмат пен әдеби кітапқа ауыстырды. Бастауыш сыныптар бойынша зияткерлік сайыстар мен сурет сайысы өткізілді. 5,6,7 сыныптар арасында спорттық іс-шаралар болса 8-9-10 сынып аралығыгда "Интернетсіз бір күнім" атты эссе жазу сырттай өткізілді. Жүздерінде күлкі, араларында достық пайда болды. Ұлдар шебердің құралдарына қызықса, қыздар тоқымамен кітаптың қызығана кіріп кетті дегендей, интернетке байланған баланың бір күндік өмірін интернетсіз өткізуге тырыстық. Қолдарынан келеді екен. 1 сынып оқушылары кітапханамен тығыз байланыста бола білді. Журналдарға жазылу науқаны басталып, көптеген оқушылардың оқу шеберлігінен жарыс ұйымдастыра білді. Әлеуметтік желіде отыра бермей пайдалы іспен айналысқан дұрыс. Бүгін тым құрығанда бір күн болса да балаларды интернеттен алшақтата алдық деп ойлаймыз. Кітапхана есігі әрдайым ашық. Телефонын артқа тастаған жас бізге қарай асықсын.

ІІІ Халықаралық «Дарындар әлемі» ұйымдастырған жасөспірімдер мен ересектерге арналған «Волшебный микрофон» өнер байқауында 11-14 жас аралығында «Эстрадалық вокал. Соло» номинациясы бойынша өнер көрсеткен № 64 мектеп-лицейінің оқушысы Бекжан Назарбек «І-орын» жүлдесімен марапатталды және «Үздік ұстаз» Дипломымен жетекшісі Сарсенбаева Толқын Жумагазыновна марапатталды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 26-жұлдызында өткен қалалық «Дала өрнектері» би байқауына мектебіміздің мың бұрала би билеп, сахна сәніне айналған «Айкөркем» би тобы қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Биді өнеріміздің бөлінбес бір бөлшегі, өміріміздің көркем өрнегі ретінде және оның жаңа билермен жарқырап жайнай түсуіне, адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезінуіне ықпал етіп жүрген топ жетекшісі Ахметова Роза Әсілханқызына тек шығармашылық табыс тілей отырып, ұлттық өнеріміздің ғұмыры ұзағынан болғай деген тілек білдіреміз!

Хабарландыру!
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР
Астана қаласы С.Мәуленов атындағы #37 орта мектепте 2019 жылдың қаңтар айынан бастап "МЕКТЕП ЕРІКТІЛЕРІ" отряды құрылуда. Еріктілер қатарына 5-7 сынып оқушылары ата-аналар рұқсатымен анкета толтыру арқылы қабылданады. Отряд құрудағы мақсатымыз оқушылар арасында қоғамдық мәдениетті қалыптастыру және дамыту. Қосымша мәліметтерді 8 775 664 67 09 (Аға тәлімгерден) немесе мектеп президенті Аймахан Нұрболдан біле аласыздар.

27 -ші қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне орай, 25-ші қаңтар күні "MEH OFFLINE" атты ауқымды науқан өтті. Бұл күні балалар да, ұстаздар да ұялы телефонсыз келіп, күні бойы желі құралдарын қолданбады. Науқанның соңында барлығы бір күндік әсерлерімен бөлісті. Осылайша, жұма жақсылығымен баршада оң әсерін қалдырды.
25 қаңтар күні «Оқушылар сарайында» қалалық жас техниктер чемпионаты өтті. Робототехника, автомоделдеу, авиамоделдеу 3D – моделдеу және т.б номинацияларда мектебіміздің намысын қорғап, жүлделі орынға ие болған мектебіміздің жас техниктерін және жетекшілерін құттықтаймыз!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны