Мақсаты: Тәуелсіздік тарихына шолу жасау арқылы ерекше жағдайдағы, ерекше оқушылардың қабілетін жетілдіріп, шығармашылығын ояту.
<p style="text-align:justify;"><span style="font-family:'times new roman', times, serif;font-size:14pt;">30.01.2019 ж. күні «Рухани жаңғыру платформасы» қалалық семинар өткізді. Оқушы бойындағы ұлттық мақтаныш пен намыс сезімін қалыптастыру тақырыбындағы №52 мектеп-гиназиясында қалалық семинарға біздің оқушылырымыз бен мұғалімдеріміз қатысып келді. Семинар өте жоғары деңгейде өтті. №64 мектеп-лицей оқушылары семинардың ашылу салтанатында «Атамекен» биі мен «Мен-қазақпын» атты қойылым көрсетті. «Қобыланды батыр» жырының оқиға желісі бойынша «Алтын сақа» ойынына мектебіміздің 7 «Е» сыныбының оқушысы Роман Ыбырай қатысты. Ол 12 қатысушының ішінен суырылып шығып, финалдық ойынға жолдама алды. Ал 5 «Д» сыныбынан «Азаматовтар» жанұясы «Әже және сүйікті немере» сайысына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Семинар барысында балалардың өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкедегі заттардан жиналған ақшаны жағдайы төмен отбасына беру ұйымдастырылды. Біздің мектептің оқушылары бұл жәрмеңкеде 6000 тг сауда жасады. Жиналған соманы мектебіміздің қайырымдылық акциясы қорына беру ұйғарылды. Мұндай іс-шаралар ұстаздар мен оқушылардың рухын көтеріп, отанына деген мақтаныш сезімін оятары сөзсіз. Осындай тағылымы мол шаралар көп болғай! Қатысып келген оқушылар мен мұғалімдерімізге алғысымызды білдіреміз.</span></p>
«Өмір өлшемі-салауаттық, салауаттық-өмір заңы» демекші салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт болашағы проблемаларын жеткізу мақсатында 29 қаңтар күні ШЖҚ МКК №13 қалалық емхана дәрігері <em> Ботагоз Ганиевна </em>5-11 сыныптар арасында дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы «Ішімдіктің адам ағзасына зияны» болды. Оқушылар жасқанбай өздерін толғандырып жүрген, түсінбейтін жайттарды сұрап, кеңес алды. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Мазмұнды жеткізілген дәріс әр оқушыға ой салып, дұрыс өмір сүру салтына көшуге әсер ететіні сөзсіз. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жарқын болашаққа нық қадам жасауымыз керек. Сонда ғана еліміз үшін алынбайтын асу қалмайды.
27 қаңтар Халықаралық «Мен OFFLINE» күнінің аясында мектебімізде 20 – 27 қаңтар күндері аталған тақырыпқа эссе жазу сайысы өтті. Барлық қатысқан қаламгерлерге алғыс айта отырып, назарларыңызға әділ – қазылар алқасының шешімімен үздік үштікке ілінген туындыларды ұсынамыз.
Күн тәртібінде 2018-2019 оқу жылындағы тәрбие жұмысының I жартыжылдық қорытындысы жасалды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны