Ақпан айының 16-сы күні сағат 9.00-ден бастап № 48 мектеп-лицейде мектеп басшылары азаматтарды жеке қабылдау күнін өткізді. Мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және білімді насихаттау, ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту. Мектеп директоры Зауре Жақанқызы бүгінгі мектептің тыныс-тіршілігі мен болашақтағы жоспарлары туралы айтып өтті. Ата-аналар ұйымдастырылған іс-шараға келіп, өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша ақпарат алды. Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дарыту-мектептегі ұстаздар қауымының басты міндеті. «Көкірек көзін оята тәрбиелеу» — ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салыстыратын жауапты міндеттің ең бастысы екені сөзсіз...

Ақпан айының 16-сы күні сағат 9.00-ден бастап, № 64 мектеп-лицейде осы аудандағы тұрғындарға ашық есік күні өткізілді. Ата-аналар директордың міндетін атқарушы Баймуратова Бану Әлімжанқызына, директордың орынбасарлары мен мектеп психологтарына, әлеуметтік педаготар және пән мұғалімдеріне сұрақтарын қойып, сұрақтырына оңтайлы жауап алды. Ашық есік күні кешкі 18.00-ге дейін болды. Шешілмей қалған, сұрақтарына жауап ала-алмай қалған ата-аналар болған жоқ. Ата-аналар тарапынан, ашық есік күні жиі ұйымдастырылып отырса екен деген ұсыныстары болды. Тоқсанына бір рет өткізіп отыруды жөн деп отырмыз. Ата-аналар мен мектеп байланысы арта берсін.

Ағымдағы жылдың 16 Ақпанында Астана қаласының №77 мектеп-гимназиясында қазақ поэзиясының Хаңтәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған қалалық байқау өтті. М.Мақатаев оқуларының мақсаты :

қалалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;

жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді.

1-бағыт: «Мәңгілік жыр-ғұмыр» – 5-6 оқушыдан құралған мектеп командасы ақын шығармасынан қойылым көрсетті.

2-бағыт: - «Жырлайды жүрек» - оқушы ақынға шығарған өз төл туындысын оқыды.

3-бағыт: «Өлеңнен өрілген ой» - Мұқағали шығармалары бойынша эссе жазды.

М. Мақатаев оқуларына №64 мектеп оқушылары да белсенді қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтсам, «Мәңгілік жыр-ғұмыр» номинациясынан жүлделі 3-орын. Қатысқан оқушылар Абдрей Асылжан, Құрмантаев Сағынтай, Мейрам Ерқанат, Төлеу Оңталап. (9,11сынып оқушылары) М. Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» помасынан алынған үзіндіні (қойылым) тамаша ойнап шықты. Дайындаған Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігі. «Жырлайды жүрек» номинациясына қатысқан (7-сынып) оқушымыз Нұрбақытұлы Еларыс Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Шотпаева А.Б. Мектеп абыройын асқақтатып жүрген оқушыларымыз әрқашанда жеңістің биік тұғырынан көрінсін!

«Әкем, анам және мен.. » отбасылық зияткерлік сайыстың екінші айналымы өтті. Бұл сайысқа 5 к, 5в, 5н, 6 е сыныптарынан отбасылар өзара сыңға түсті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде отбасы құрамы таныстырылып, отбасы құндылығын насихаттау болса, екінші кезеңде математика, ағылшын пәндері және рухани жаңғыру бағытындағы берілген сұрақтарға жанұя құрамымен бірігіп жауап беру басты назарда болды. Үшінші кезеңде отбасының өнері көрсетілді. Осы сайыста әділ қазылар критериалды бағалау жүйесін қолданып, ата-аналар өз-өздеріне де әділ бағаларын беріп, бір-бірен қолдау көрсетті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Досмағанбетова Гүлім Алтайқызы қатысқан отбасыларға ризашылығын білдіріп, тәрбие отбасынан басталатынын, сіз бен бірлесіп балаға жан-жақты тәрбие, білім, әдеп-ғұрыпты бойына сіңіріп, отбасымен бір шаңырақ астында бақытты күндерін өткізуді тіледі. Жүзден жүйрік шыққан ата-аналарға алғысын білдірді.

Сайыс қорытындысы төмендегідей:

6 «Е» сыныбынан шыққан «Саурықовтар» отбасы «Бас жүлде» ;

5 «К» сынбының намысын қорғаған «Ынтымақ» отбасы І орын;

5 «В» сыныбының үздіктері атанған «Қалықұл» отбасы ІІ орын;

5 «Н» сыныптың спортшылардан құралған «Батыровтар» отбасы ІІІ орын иеленді.

«Саурықовтар» отбасы мен «Ынтымақ» отбасына келесі финалдық сайысқа жолдама берілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Мектебіміздің оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсында химия пәні бойынша ғылыми жобасын ағылшын тілінде қорғап, III дәрежелі Дипломға ие болды.
«Atameken» QR UKP bastamasymen, Bіlіm jáne ǵylym mınıstrlіgі qoldaýymen 2019 jyldan bastap «Kásіpkerlіk negіzderі» pánі elіmіzdegі jalpy bіlіm beretіn orta mektepterdіń barlyǵyna engіzіldі.

11 – 20.02.2019 ж. аралығында болып жатқан «Өзін-өзі тану» апталығы қарсаңында 3 сыныптар арасында 15.02.19 ж. күні «Ағаңдай қамқор бол, ініңдей кішіпейіл бол» атты іс-шара өткізілді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны